Оқу барысы қалай жүреді

 

Оқу онлайн форматта өтеді. Қай жерде және қай уақытта оқитыныңызды өзіңіз жоспарлайсыз. Өзіңізге ыңғайлы оқу тәртібін таңдаңыз. Біз оқу үшін арнайы уақыт бөліп, тыныш жер дайындауға кеңес береміз.

Онлайн обучение
Оқу үшін сізге ғаламторға қосылған компьютер немесе біздің мобильді қосымшамыз қажет болады.

Оқуды қалай бастауға болады?

 


Назар аударыңыз!
Біздің сайтқа тіркелу арқылы мектеп материалдарын тек жеке пайдалану үшін қолдануға келісім бересіз. Авторлық құқықты бұзу әкімшілік, қылмыстық және азаматтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Киелі кітап курстарын пайдалану құқығы Библия миссиясына Moody Bible Institute тарапынан берілген (Moody Bible Institute, USA). 



Оқуға қанша уақыт бөлу керек?

 

Біз аптасына бір сабақтан оқуды ұсынамыз. Бұл сізге асықпай, еш қиындықсыз әрі тұрақты түрде алға жылжуға көмектеседі. Әр сабақты асықпай, тереңірек зерттеп, ұсынылған Киелі жазба мәтіндерін мұқият оқып шығуға тырысыңыз.



Курстар туралы

 

Курс сабақтар мен емтихандардан тұрады. Курста 6-дан 24-ке дейін сабақ болуы мүмкін. Сабақ саны әр курстың сипаттамасында көрсетіледі. Әр сабақ емтиханмен аяқталады. Сабақтар бірінен кейін бірі ашылады: алдымен сабақты оқисыз, емтихан тапсырасыз, содан кейін келесі сабаққа өтесіз. 

Емтиханды бастамас бұрын сабақ материалын жақсы түсінгеніңізге және барлық сұрақтарға жауап бере алатыныңызға көз жеткізіңіз. Емтихан кезінде оқу материалына қайта қарауға болмайды. 

Барлық тапсырмаларды орындаған соң, "Барлығын жіберіп, тестті аяқтау" батырмасын басыңыз. Осыдан кейін экранда емтихан нәтижесі шығады. Егер емтиханда «Эссе» тапсырмасы болса, оның нәтижесі нұсқаушы жауабыңызды тексеріп бағалағаннан кейін қолжетімді болады. 

Емтиханда әртүрлі тапсырмалар кездесуі мүмкін: 

  • Берілген тұжырымның дұрыс немесе бұрыс екенін анықтау. 
  • Ұсынылған жауаптардың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау. 
  • Екі нәрсені өзара сәйкестендіру (мысалы, аятты мәтінмен немесе суретпен сәйкестендіру). 
  • Бос орындарға қажетті сөзді немесе сөз тіркесін енгізу. 
  • Қысқаша жазбаша жауап беруді қажет ететін эссе тапсырмасы. 

Барлық тапсырмаларды орындап, емтиханды жібергеннен кейін нәтижені бірден көре аласыз. Өйткені эсседен басқа барлық тапсырмалар компьютер арқылы тексеріледі. Ал эссенің нәтижесі мен нұсқаушының пікірін ол жауабыңызды тексеріп бағалағаннан кейін көресіз.



Киелі кітап тағылымын тегін үйрету — біздің ұстанымымыз!

 

Онлайн Киелі кітап мектебінің қызметін қолдау және дамыту едәуір қаржылық шығындарды талап етеді. Біз Киелі кітапты тегін оқыту жолын жалғастыра отырып, студенттерді осы игі іске шамасына қарай атсалысуға шақырамыз.

Өзіңізге қолайлы мөлшерде тұрақты түрде қолдау көрсетіп тұруды әдетке айналдырыңыз. Аз болса да, тұрақты көмек сайттың жұмысын жалғастырып, оны одан әрі дамытуға үлкен үлес қосады.

Осы қызметті қолдағым келеді!    

Оқу жүйесінің ережелері  fa fa-long-arrow-right