Алғысөз
Біз Құдай тағайындаған әрбір қызметші өзіне сеніп тапсырылған қауымға қамқор болады деп сенеміз. Бағушының басты міндеті — қауымды сапалы рухани азықпен қоректендіру. Біз қауымдармен бірге, қауымдар үшін және қауымдар арқылы қызмет етеміз. Сондықтан қауым қызметкерлері мен жастар жетекшілеріне Киелі кітапты зерттеуге арналған сапалы материалдар ұсынамыз. Қызметші қауымды өз қамқорлығында ұстап, оны басқа біреудің қолына тапсырмайды және «бағушысыз адасып жүрген қойдай» жалғыз қалдырмайды, қайта оны рухани жетелейді.
Мұқият дайындалған оқу курстары қызметкерге:
- қауым мүшелерін Құдай Сөзі бойынша жан-жақты оқытуға көмектеседі. Оқу мәсіхшінің өмірінің әртүрлі салаларын қамтып, жалған ілімдерден сақтап, Киелі жазба негізінде нығайтады;
- Құдай Сөзін күнделікті өмірде қалай қолдануға болатынын үйретеді. Осылайша қауым мүшелері Киелі жазба ақиқаттарын тек біліп қана қоймай, сол ақиқаттарға сай өмір сүріп, оларды күнделікті өмірде қолдануды үйренеді;
- қауым мүшелерін қызметке дайындап, оларды Жаратқан Ие үшін еңбек етуде белсенді болуға көмектеседі. Олар игі істерге құлшынысы бар ерекше халық болып қалыптасады.
Осы платформа қызметшіге және қауымға қалай көмектесе алады? fa fa-long-arrow-right