«Онлайн Киелі кітап мектебі» оқу платформасы арқылы топты оқыту жұмысын қалай ұйымдастыруға болады?
1. Сіз алдымен курсты таңдап, оның мазмұны мен ерекшеліктерін мұқият оқып шығасыз.
2. Топ ашып, оған нұсқаушы ретінде жетекшілік еткіңіз келетіні жайлы бізге хабарлайсыз.
Жетекшіге қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты "Топ жетекшісі платформадағы жұмысын қалай бастай алады?" бөлімінен таба аласыз.
Барлық ұйымдастыру мәселелері шешілгеннен кейін, сізге топпен онлайн жұмыс жүргізуге арналған оқу жүйесінің мүмкіндіктері мен құралдары ұсынылады.
3. Топпен бірге жиналып, апта ішінде өткен сабақтарды бірге талқылайтын күнді белгілейсіз.
Осылайша көп уақыт жоғалтпай, қауымыңызға рухани пайдасы мол тәлім бере аласыз.
Біздің платформаның мүмкіндіктері сізге:
- Киелі кітапты зерттеуге шақырған адамдардан топ құрып, қажетті курсты таңдауға;
- әр топ мүшесінің үлгерімін, жетістіктерін және белсенділігін бақылауға;
- топ мүшелерімен байланыста болып, оларды оқуды жалғастыруға ынталандыруға;
- жабық талқылау алаңын ашып, маңызды сұрақтарды көтеру арқылы қатысушыларды пікір алмасуға тартуға;
- Киелі кітап ақиқаттарын тереңірек меңгеру үшін қосымша тапсырмалар ұсынуға;
- өткен материалды бірге талқылау мақсатында вебинарлар мен онлайн кездесулер өткізуге мүмкіндік береді (қазіргі уақытта бұл бағыттағы техникалық мүмкіндіктерді жетілдіріп жатырмыз).
Бұл құралдар не үшін қажет?
Біз Құдай Сөзін зерттеудің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан адамдарға Құдайды Оның Сөзі арқылы танып-білуге көмектесуді өз қызметіміздің басты мақсаты деп санаймыз. Платформаның құралдары жетекшіге топ мүшелерін Киелі кітапты зерттеуге ынталандырып, бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Сонымен қатар белгілі бір деңгейдегі бақылау мен есептілік мәсіхшілердің тәртіпті, жинақы әрі жауапты болуына ықпал етеді.
«Онлайн Киелі кітап мектебі» платформасында білім алудың артықшылықтары:
- Киелі жазбаға негізделген сапалы оқу материалдары;
- Білім алуға арналған дайын онлайн-платформа;
- топпен жұмыс істеуде қызметшінің уақытын үнемдеу;
- жастарға қызықты әрі заманауи білім алу форматы;
- әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізетін адамдарды оқуға тарту мүмкіндігі;
- уақыт тапшылығына байланысты шағын топтарға қатыса алмайтын адамдарға қолайлы жағдай жасау.
Платформада топпен жұмысты бастау тәртібі? fa fa-long-arrow-right