Топ жетекшісі платформадағы жұмысын қалай бастай алады?

 
  • Жасыңыз 20-дан жоғары болуы керек;
  • Жергілікті қауымның өмірі мен қызметіне белсенді қатысуыңыз керек;
  • Өзіңіз таңдаған онлайн курсты оқып шығуыңыз керек;
  • Нұсқаушы болу үшін арнайы  сауалнаманы толтыру қажет;
  • Жергілікті қауым қызметшілерінен ауызша немесе жазбаша бата алу керек. Ұсынысымыздың мәнін толық түсіндіру үшін біз бағушымен байланысамыз;
  • Топ құру қажет;
  • Топты жүргізуге көмектесетін платформа құралдарымен меңгеру үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.



Топ құру

 
  • Алдымен жергілікті қауым бағушысының келісімін алу қажет (егер өзіңіз бағушы болмасаңыз). Содан кейін Киелі кітапты зерттеуге көмектескіңіз келетін адамдарды (кемінде үш адам) біздің сайтқа тіркелуге шақырасыз;
  • Олар тіркелген соң, біз сол қатысушылардан арнайы топ құрып, сізді сол топтың жетекшісі ретінде тағайындаймыз.



Нұсқаулық

 

Сіз студент ретінде платформаның қалай жұмыс істейтінін білетін боласыз. Сондықтан қосымша нұсқаулық көп уақыт алмайды. Біз сізге нұсқаушыға арналған маңызды құралдар мен мүмкіндіктерді көрсетіп, оларды тиімді пайдалануды түсіндіреміз.


Сұрақтарыңыз болса, бізбен хабарласыңыз: vbaranov@biblemissions.org (Виктор Баранов)