Біз туралы

Сенім негізі

Біз Көне Өсиет пен Жаңа Өсиеттің Құдай Сөзі екеніне, тұтастай Киелі Рухтың жетегімен жазьглғандығына, қатесіздігіне және мүлтіксіздігіне, сонымен қатар өмір мен сенім үшін (Петір.1-хаты 1:25; Петір.2-хаты 1:21; Тимоте.2-хат 3:16) соңғы және ең жоғары бедел екеніне (Аян 19:13) сенеміз.

Біз Құдайдың үшбірлігіне: Құдай Әкеге, Құдай Ұлына және Киелі Рухқа (Матай 3:16-17; 28:18-19; Қорынт.2-хат 13:13) сенеміз.

Біз Иса Мәсіхтің Киелі Рухтың құдіретімен жаратылғанына және пәк қыз Мәриямнан туьглғанына (Матай 1:20) және шынайы Құдай екендігіне (Жохан.1-хаты 5:20) және шынайы Адам болғандығына (Еврей. хат
2:17) сенеміз.

Біз адамды Құдай Өзіне ұқсас етіп жаратқанына (Жаратылыс.баст.1:27), адамның күнә жасағандығына (Рим. хат 3:23) және бұл оны тек тәни өлімге әкеліп қоймай, рухани өлімге яғни, Құдайдан ажырауға әкелгеніне (Рим.хат 5:12), сонымен қатар барлық адамдардың күнәкар болып дүниеге келетіндігіне (Забур жыр.50:7) және де ойында, сөзіндеДсінде жасалатын күнәларына жақсьглық пен жамандықты ажырата бастағаннан-ақ Құдай алдында толықтай жауапкершілікте болатындығына сенеміз.

Біз Иса Мәсіхтің біздің күнәларымыз үшін жанын қиғанына (Қорынт.1-хат 15:13; Ишая 53:5), Киелі Жазбаларда алдын ала айтылғандай, әділ бола тұра әділетсіздердің орнына орынбасар құрбандық болғанына (Петір.1-хаты 3:18), Оған сенген әркімнің күнәнің құнын төлеуге төгілген Оның қаны арқылы ақталғандығына және барлық күнәлардан тазарғандығына (Жохан. 1-хаты 1:7; 2:1-2) сенеміз.

Біз Мәсіхтің өлгеніне және жерленгеніне, бірақ үшкүннен кейін Киелі Жазбаларда алдын ала айтьглғандай өлімнен қайта тірілгеніне (Қорынт.1-хат15:4; 15:14), көкке көтерілгеніне (Лұқа 24:51), енді Құдайдың оң жағынан орын алғанына (Ефес.хат 1:20) және Көктегі Әкеміздің алдында біздің Қорғаушымыз (өтініш етуші) екеніне (Еврей.хат 7:25) сенеміз.

Біз Иса Мәсіхтің тәни денеде Оның көкке көтерілгені сияқты қайта жерге келетініне (Елшілер.істер. 1:11; Еврей.хат 9:28; Аян 1:7; Салониқа.1-хат 4:13-18) сенеміз.

Біз тек Иса Мәсіхтің күнәнің құнын өтеуге төгілген қанына сенімі арқылы ғана адам күнәларына кешірім, құтқарьглу және мәңгілік өмір ала алатындығына (Елшілер. істер.4:12; 10:43; Жохан 5:24) сенеміз.

Біз әділдердің және әділетсіздердің (Аян 20:12-13) өлімнен қайта тірілетініне (Салониқа.1-хат 4:16), барлық төлемі өтелгендердің мәңгілік құтқарылғанына (Салониқа.1-хат4:17) және өзінің еркі бойынша өлімге кеткендердің қарғысқа душар болып мәңгілік азап шегуге кететіндігіне (Матай25:46) сенеміз.

Біз Иса Мәсіхтің тапсырған ұлы аманатын (Марқа 16:15; Лұқа24:46-48) сеніміміз бойынша орындаймыз.