Оқу бағдарламаларының толық тізімі

 

Мұнда біздің барлық курстарымыз жинақталған. Әрбір курс кітап түрінде де қолжетімді. 

img2
Мәсіхшілік сеніміндегі алғашқы қадамдар

Бұл курс Құдайды іздеп жүрген және мәсіхшілік сенім туралы тереңірек білгісі келетін жандарға арналған. Бұл курс сізге мәсіхшілік сенімнің негізгі қағидаларын түсінуге және Мәсіхтің соңынан адал жүруге көмектесетін практикалық бағыт-бағдар алуға мүмкіндік береді. Мәсіхшілікпен танысуды жаңадан бастаған жандарға оқу жолын дәл осы бағдарламадан бастауды ұсынамыз. 

Толығырақ мәлімет

 
обложка курса Запоминая Писание
Киелі кітап аяттарын есте сақтау

Бұл курс Құдай Сөзі мәсіхшінің күнделікті өміріндегі түрлі рухани міндеттер мен қиындықтарға жауап беретін өмірлік маңызды кілт екенін көрсетуге бағытталған. Онда Құдаймен оңаша уақыт өткізу, Мәсіх туралы куәлік ету, азғыруларға қарсы тұру және басқа сенушілерге қолдау көрсету сияқты маңызды тақырыптар қамтылады. Сонымен бірге Киелі кітап мәтіндерін есте сақтауға көмектесетін практикалық нұсқаулық ұсынылады.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Практическое благовестие
Ізгі хабарды іс жүзінде тарату

Бұл курс Ізгі хабар тарату қызметіне қатысты негізгі сұрақтарды жан-жақты қарастырады. Біз Ізгі хабар таратушының өмірі мен қызметі, кездесетін қиындықтар және оларды жеңу жолдары туралы сөйлесеміз. Курс барысында сіз жеке Ізгі хабар таратуға да, қауымдағы қызметті дамытуға да пайдалы болатын кеңестер аласыз.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Воля Божья для твоей жизни
Құдайдың сенің өміріңе арналған жоспары

Бұл курс мәсіхшінің өмір салты қандай болуы керектігін және Киелі кітапта ашылған Құдайдың еркіне сай өмір сүру үшін қандай қағидаларды ұстану қажет екенін тереңірек түсінуге көмектеседі. Курс арқылы сіз күнделікті өміріңізді саралап, Құдайдың еркін тану жолына саналы түрде қадам жасай аласыз. Алған білімдеріңіз күнделікті өміріңізге бағыт-бағдар болады.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Принципы успешного благовестия
Ізгі хабарды жеткізудің тиімді жолдары

Ізгі хабар тарату — әрбір сенушіге сеніп тапсырылған маңызды мәсіхшілік қызмет. Мәсіхшілер Ізгі хабар айтуға шақырылғанымен, бұл шақыру іс жүзінде әрдайым орындала бермейді. Ал Ізгі хабар тарату жолындағы сәтсіздіктерден кейін кейбір адамдардың жүрегі суып, бұл қызметтен бас тартуы мүмкін. Бұл курс сізді Ізгі хабар таратуға жігерлендіріп, оған дайын болуға көмектеседі..

Толығырақ мәлімет

обложка курса Жизнь в святости
Құдайға толықтай бағышталған қасиетті өмір

Киелі өмір сүру — Киелі кітаптағы ең күрделі әрі маңызды тақырыптардың бірі. Көптеген адамдар мәсіхшілік киелілік өздері үшін қолжетімсіз деп санайды. Алайда Жаратқан Ие мәсіхшілерді: «киелі болыңдар, себебі Мен киелімін» (Пет 1. 1:16), — деп шақырды. Киелі өмірсіз Жаратқан Иенің соңынан еру мүмкін емес. Бұл курс мәсіхшінің киелі өмір сүруінің негіздерін үйретеді.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Культы. Часть 1
Діни ағымдар

Курстың бірінші бөлімінде тақырыпқа кіріспе, негізгі ұғымдар және діни ағымдардың басты ерекшеліктері қарастырылады. Курс жалған мәсіхшілік діни ағымдардың тарихы мен ілімдері туралы мағлұмат береді. Атап айтқанда, Ехоба куәгерлері, Державная Құдай Анасы Православие Шіркеуі және Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуі (мормондар) туралы оқисыз. Сондай-ақ бұл діни ағымдардың ілімдері Киелі кітап негізінде жан-жақты талданады.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Культы. Часть 2
Діни ағымдар, 2 бөлім

Курстың екінші бөлігінде әртүрлі діни ағымдардың тарихы мен ілімдері қарастырылады. Атап айтқанда, шығыс бағыттағы діни ағымдар: Кришна және Ошо Раджниш ілімі; Бірнеше діни көзқарасты біріктіретін синкретикалық бағыттар: Бахаи, Бірігу шіркеуі, Соңғы өсиет шіркеуі және неоязычество; сондай-ақ оккульттік бағыттардың бірі – Теософиялық қоғам туралы айтылады.

Толығырақ мәлімет

 
обложка курса Книга Бытие
Жаратылыстың басталуы

Жаратылыстың басталуы кітабы ғалам мен адамның қалай пайда болғанын Жаратушының Өз сөзі арқылы баяндайды. Бұл кітаптан сіз алғашқы күнә туралы және оның бүкіл әлемге қандай ауыр әсер еткенін білесіз. Сонымен қатар, мұнда Құдайдың адамзатты құтқару жоспары алғаш рет ашылады. Киелі кітаптың бірінші кітабын зерттеу біз өмір сүріп жатқан әлемді жақсырақ түсінуге көмектеседі.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Исход
Мысырдан көшіп шығу

Көне Өсиет Құдайдың исраил халқы арқылы жер бетіне келуге тиіс болған Құтқарушы туралы уәдесінің қалай орындалғанын баяндайды. Құтқарушы Исраил халқы арқылы келуі керек еді. Мысырдан шығу кітабы исраилдіктердің құлдықтан босап, еркін халыққа айналғанын көрсетеді. Сондай-ақ олардың Құдайдың заңын қабылдап, киелі шатыр мен діни қызметкерлер қызметіне қатысты нұсқаулар алғанын түсіндіреді.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Книга Псалмов
Забур жырлары

Забур кітабы — адамның сезімдері, дұғалары мен мадақ жырлары терең көрініс тапқан ерекше кітап. Ол өмірдің түрлі жағдайларында адам жүрегінде туындайтын сезімдер мен толғаныстарды көрсетеді. Бұл кітап Құдай халқының тарихтың әр кезеңіндегі үміті мен аңсарын айқын бейнелейді. Сондықтан Құдайдың балалары әрқашан Забур жырларынан өз өміріне жақын сөздер тауып, жыршының айтқандарын өз жағдайымен байланыстыра алған.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Притчи Соломона
Нақыл сөздер

Сүлейменнің нақыл сөздері адам даналығы ретінде ғана бағалы емес, тіпті оларды сенбейтін адамдар да жиі мысалға келтіреді. Бірақ олардың шынайы құндылығы бұдан әлдеқайда терең. Бұл — Құдайдың адамдарға ашқан ақиқаты, Киелі Рухтың жетелеуімен жазылған сөздер. Киелі кітап Сүлейменге берілген даналықтың қайнар көзі Құдайдың Өзі екенін айқын көрсетеді. Нақыл сөздерден қазіргі адамның жүрегін мазалайтын ең күрделі сұрақтарға жауап табуға болады. Сондықтан бұл нақыл сөздердің шынайы құндылығы олардың Құдайдан бастау алғанында жатыр.

Толығырақ мәлімет

 
обложка курса Жизнь Иисуса Христа
Иса Мәсіхтің өмірі

Иса Мәсіх — адамзат тарихындағы ең ғажайып Тұлға. Оның тәлімі миллиондаған адамның өмірін өзгертті. Құтқарушының өмірін терең зерттеу мәсіхшіні қуанышқа және жанқиярлықпен қызмет етуге шабыттандырады. Ал егер Сіз өзіңізді Мәсіхтің ізбасары деп санамасаңыз, Оның өмірімен танысу Сізді маңызды шешім қабылдауға жетелейді.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Евангелие от Иоанна
Жохан жазған Ізгі хабар

Осы Ізгі хабардың мақсаты мына сөздерден анық көрінеді: "Ал жазылғандары Исаның Құтқарушы Мәсіх, Құдайдың рухани Ұлы екендігіне сендер сенсін, әрі сенімдерің арқылы Онымен тығыз байланыста тұрып, шынайы өмірге ие болсын деген мақсатпен жазылған" (Жох. 20:31). Елші Жохан Мәсіхтің өмірі туралы жазғанда, адамдарға Ізгі хабарды жеткізуді және Мәсіхке деген сенімнің негізін түсіндіруді мақсат етті. Бұл курс осыны байқап, жақсырақ түсінуге көмектеседі.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Книга Деяний
Елшілердің істері

Елшілердің істері кітабы мәсіхшіліктің иудаизмнің орнын баса бастаған кезеңі туралы баяндайды. Киелі Рух түскеннен кейін қауым кеңінен таралып, мәсіхшілер қауымдары Рим империясының барлық ірі қалаларында болды. Бұл кітап қауымның өсуі мен дамуын баяндап, Ізгі хабар кітаптары мен елшілердің хаттарын табиғи түрде байланыстырады. Бұл кітап арқылы сіз бірінші ғасырдағы мәсіхшілердің қарқынды өмірін сезінесіз.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Послание Иакова
Жақыптың хаты

Бұл хаттың басты ерекшелігі — сенушінің күнделікті өміріне арналған анық әрі нақты практикалық тәлімдер. Жақып сынақтардан өтетін және адамның іс-әрекеті арқылы көрінетін “берік сенімнің” қандай болатынын көрсетеді. Мұндай сенімнің тұрақтылығы сөз бен істің бір-біріне сай келуінен байқалады. Бағдарлама берік сенімнің неде екенін және оның күнделікті өмірде қалай көрінетінін түсінуге көмектеседі.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Послания Петра
Петірдің 1 және 2 хаттары

Киелі кітап кейіпкерлерінің арасында Петір ерекше орын алады. Ол бізге өзінің адамдық қырларымен жақын. Мәсіх көкке көтерілгенге дейін Петір тұрақсыздық, қызбалық, қорқақтық және бірізділіктің жоқтығын көрсетті. Бірақ кейін ол кенеттен жігерлі, сенімді, табанды, батыл әрі қайсар адамға айналды. Ол неге өзгерді? Бұл курс сізді осы ұлы тұлғамен және оның хаттарымен таныстырады.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Послание к Римлянам
Римдіктерге арналған хат

Римдіктерге арналған хат — терең құдайтанулық еңбек әрі практикалық нұсқаулық. Бұл хатта мәсіхшілік сенімнің негізгі шындықтары ашылады: құтқарылу деген не, ол Кімнен келеді, адам оны қалай қабылдайды және құтқарылу мәсіхшінің өмірін қалай өзгертуі керек. Сонымен қатар күнәні жеңу жолы, сенушінің қауымдағы және қоғамдағы өмірі қарастырылады.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Первое Послание Коринфянам
Қорынттықтарға арналған 1-ші хат

Бұл хат Жаңа Өсиет кітаптарының сотериологиялық хаттар деп аталатын тобына жатады. Оларға Римдіктерге арналған хат, Қорынттықтарға арналған 1 және 2-хаттар, Ғалаттықтарға арналған хат кіреді. Себебі бұл хаттарда басты назар құтқарылу туралы ілімге аударылады. Soteria грек тілінен аударғанда «құтқарылу» дегенді білдіреді. Дегенмен бұл хатта басты назар ілімнің күнделікті өмірде қалай қолданылатынына бағытталған. Бұл курс хаттың ілімдік мазмұнын да, практикалық мәнін де түсінуге көмектеседі.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Послание Галатам
Ғалаттықтарға арналған хат

Ғалаттықтарға арналған хатта адамның сенім арқылы ақталатыны қысқа, анық әрі түсінікті түрде берілген. Сондықтан бұл хат мәсіхшілік еркіндіктің Ұлы хартиясы деп аталады. Мұнда Пауыл Ізгі хабардың мәнін өте қысқа, әсерлі әрі нақты жеткізеді. Бұл курс елші Пауылдың ғалаттықтарды сенімнен тайып, адасып кетуден қалай сақтағысы келгенін көрсетеді.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Послание к Ефесянам
Ефестіктерге арналған хат

Пауыл Римге тұтқын ретінде келді. Бірақ ол түрмені де қызмет орнына айналдырып, Ізгі хабарды таратуды тоқтатпады. Қамауда отырған кезде ол Ефестіктерге, Қолостықтарға, Філіпіліктерге және Філімонға арналған хаттарды жазды. Бұл хаттар Жаңа өсиеттегі Мәсіхті ерекше ұлықтайтын маңызды кітаптардың қатарына жатады. Бұл курста сіз Пауылдың Ефестіктерге арналған хатында қандай тәлім бергенін білесіз.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Послание Фессалоникийцам и Филиппийцам
Салониқалықтарға және Філіпіліктерге арналған хаттар

Екінші миссионерлік сапары кезінде елші Пауыл Салониқа қаласына келіп, сол жерде мәсіхшілік қауымның негізі қаланды. Алайда Мәсіхке сенбеген яһудилер халықты дүрліктіріп, елшіні қаладан кетуге мәжбүр етті. Бірақ бұл жағдай Пауылдың қамқорлығын тоқтатқан жоқ. Ол Салониқадағы қауымға екі хат жазып, құтқаратын сенімнің белгілерін, Құдайға қызмет етудің негізгі принциптерін және Мәсіхті күтіп өмір сүрудің шынайы тәжірибесін түсіндірді.

Толығырақ мәлімет

обложка курса Послание Евреям
Еврейлерге арналған хат

Бұл хаттың авторы маңызды ақиқатты ашады: Мәсіх — Көне өсиеттегі барлық уәделердің орындалуы. Ол — Құдайдың толық әрі соңғы аяны. Сондықтан Мәсіх иудаизмдегі ең жақсы нәрселердің бәрінен де жоғары. Бұл хат Мәсіхтен бас тартудың қаншалықты қауіпті екенін қатаң ескертеді және бізді «Сенімнің Басшысы әрі Аяқтаушысы Исаға» көз тігуге шақырады (Евр. 12:2).

Толығырақ мәлімет

обложка курса Книга Откровения
Аян кітабы

Аян кітабы — оны оқып, зерттеп, онда жазылғандарды орындайтын адамға бата уәде етілген Киелі кітаптағы жалғыз кітап. Ал бұл кітапқа өз ойынан бір нәрсе қосатын адам Құдайдың қаһарынан құтыла алмайды. Сондықтан бұл курсты өту барысында Аян кітабын Құдайдың батасын сұрап, дұға ете отырып зерттеңіз.

Толығырақ мәлімет