Онлайн Киелі кітап мектебінің қызметіне атсалысыңыз
Бүгінде онлайн білім беру бүкіл әлемде қарқынды дамып, көптеген адам үшін маңызды мүмкіндікке айналды. Сапалы онлайн оқытуды ұйымдастыру сырттай қарағанда жеңіл көрінгенімен, оның артында үлкен еңбек пен ресурстар жатыр. Толыққанды оқу үдерісін жүргізу үшін техникалық мүмкіндіктер, заманауи жүйелер және көптеген мамандардың еңбегі қажет.
Біз онлайн Киелі кітап мектебіндегі оқуды баршаға қолжетімді етуге тырысамыз. Алайда оқу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі мен дамуы үздіксіз қаржылық қолдауды қажет етеді. Бұған деректер жүйелерін орналастыру және күтіп баптау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық технология мамандарының, аудармашылардың, оқу бағдарламасын дайындайтын мамандардың, заңгерлердің, мәтін өңдеушілер мен түзетушілердің еңбегі кіреді.
Біздің тұрақты ірі қолдаушыларымыз жоқ. Соған қарамастан, біз Киелі кітапты тегін оқыту қызметін жалғастырып келеміз. Шын мәнінде, әрбір жаңа ай біз үшін сенім мен үмітке жасалған қадам.
Қымбатты достар, например, с біздің оқу жүйемізді пайдаланып, Киели кітапты зерттеу маңызды деп санасаңыз, осы қызметке тұрақты түрде қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймыз. Бір реттік көмек те бағалы, алайда ай сайынғы тұрақты қолдау бұл қызметтің үздіксиз жалғасуына үлкен демеу болады. Ай сайынғы автоматы төлемді онлайн банк арқылы оңай қосуға болады.
Бізбен хабарласыңыз: edu.kz@biblemissions.org