Егер Киелі кітапта берілген Құдайдың еркіне сай өмір сүргіңіз келсе, «Сенің өміріңе арналған Құдайдың еркі» деген курс сізге мәсіхші қандай өмір сүруі тиіс, қандай негіздерді ұстануы тиіс екенін анық түсіндіреді. Бұл курс сізге Құдайдың еркін білу үшін өз өмір жолыңызды қалай бастауыңыз керек екенін түсінуіңізге көмектеседі және күнделікті өміріңіздің нұсқауы болуы мүмкін. Алдымен «Курсқа нұсқаулармен» танысып алыңыз.

Құдайға бағышталған таза киелі өмір Киелі кітап тақырыптарына жататын, өте маңызды өмір. Көптеген адамдар мәсіхшілік таза өмір өздеріне мүмкін емес деп санайды, бірақ Иеміз барлық адамдарға: «Мен киелімін, сондықтан сендер де Өзіме бағышталып киелі болыңдар!» деген (1 Пет. 1:16). Жеке бастың киелі болу тақырыбы барлық мәсіхшілер үшін болашағы бар мәселе. Осы курстың мақсаты - мәсіхшілік киелі өмірдің негіздерін үйрету.

Елшілердің істері кітабы – Киелі кітаптағы Жазбалардың бірегейі. Ол иудаизмді мәсіхшіліктің ығыстырған мезгілі жайында баяндайды. Иерусалимдегі жоғарғы бөлмеде болған оқиғалардан кейін қауымның тарағаны сонша, Лұқа өзінің жазбаларын жазуды бастаған кезде Рим империясының ірі-ірі қалаларының бәрінде мәсіхшілер бірлестіктері болды. Елшілердің істері кітабында Пауыл, яғни басқа ұлттардың ұлы елшісі, Римге келгенге дейін қауымның өсуі мен дамуы қалай болғаны баяндалады. Бұл кітап Інжілдер мен хаттардың арасындағы ерекше бір көпір іспетті. Оны оқып танысу барысында сіз бірінші ғасырдағы мәсіхшілер өміріндегі болған қарқынды, адамды ойландыратын оқиғаларды сезінетін боласыз.

Бұл курс мәсіхшілікте алғаш қадам жасап жүргендерге де, Иса Мәсіхті өзінің Құтқарушысы деп мойындағандарға да арналған. Мұнда мәсіхшілік сенімнің басты негіздері қарастырылады және қалай Мәсіхтің ізбасары болуға болатыны жайлы кеңес беріледі. Біз оқуды осы курстан бастауды ұсынамыз.

Римдіктерге арналған хат Құдайды танытатын терең мағыналы еңбек, әрі іс жүзінде қолданылатын (практикалық) құрал. Одан біз мәсіхшілік сенімнің негіздерін табамыз, онда бұндай құтқарылудың не екенін, оның Кімнен екенін, біз оны қалай қабылдауымыз керек екенін және оның біздің өмірімізге әсері қандай болуы тиіс екенін білеміз. Ол күнәні қалай жеңуге болатынын және сенуші Қауымда, қоғамда өзін қалай ұстауы тиіс екенін үйретеді.

Мысырдан көшіп шығу кітабының мақсаты - құтқарылу, Құдай заңы, табынатын Киелі шатыр және діни қызмет атқару арқылы исраильдіктердің халық болып қалыптасуын көрсету.

Иса Мәсіх тарихтағы ең таңғаларлық Тұлға. Оның ілімі миллиондаған адамдардың өмірін өзгертті. Егер сіз мәсіхші болсаңыз, онда Құтқарушының өмірін толық зерттеп оқу сізді Оған қызмет етуге бұрынғыдан да күштірек жігерлендіреді. Егер сіз өзіңізді Мәсіхтің ізбасарларының қатарына қоспасаңыз, онда Оның өмірбаянымен танысу сізді маңызды шешім жасауыңызға жетелейтін болады.

Жаратылыстың басталуы кітабы – әлемнің және адамзаттың пайда болуы, алғашқы күнә мен оның дүниені қирату әсері керемет суреттелген.Бұл кітапта Құдайдың құтқару жоспары туралы алғаш рет жазылған. Кітаптың туындыгері (авторы) Мұса Әлемнің Жаратушысы - Жалғыз Құдайға сенім арту туралы жариялады. Құдайдың болуы Киелі кітапта дәлел талап етпейтін ақиқат ретінде баяндалған. Құдай – киелі және барлық тұрғыдан әділ, сонымен қатар, Өз өсиетіне сенімді және күнәкар адамдарға кешірімді. Киелі кітаптың бірінші кітабын оқып үйрену сізге зор рухани игілік әкелуі мүмкін, ол сізге жігер береді және сіздің Құдай алдына баруыңызға қолдау көрсетеді.

Жохан жазған Ізгі хабарды жазу мақсаты келесі сөздерден мейлінше анық білінеді: «Ал жазылғандары Исаның Құтқарушы Мәсіх, Құдайдың рухани Ұлы екендігіне сендер сенсін... деген мақсатпен жазылған » (Жохан20:31 ). Бұдан біз елші Жохан інжілдеу және апологеттік мақсатпен Мәсіхтің өмір тарихын жинастырғанын байқауымызға болады.